KMF-DEMEU
Алматы филиалының клиенттері үшін сату жөніндегі бизнес-тренинг
Қараша айының соңында Алматы облысы Шелек кентіндегі бөлімшенің клиенттері үшін KMF-Демеу қорының күшімен Бизнес білім бағдарламасы бойынша «Сату техникасы» тренингі болып өтті. Оны сыртқы бизнес-тренер Ғалия Қоянбаева өткізді. Бұрын ол осындай тренингті Алматыда «Барыс» бөлімшесінің клиенттері үшін өткізген болатын, оның қорытындысы бойынша оң пікірлер алынып, сыртқы сарапшылармен тренингтер өткізу тәжірибесін жалғастыруға шешім қабылданды.
Тренинг екі сағат жалғасты, осы уақыттың ішінде Ғалия сәлемдесуден мәміле жасағанға дейінгі сатудың базалық ұстанымдарын қарыз алушыларымызға жақсы түсіндіріп өтті. Тренингте ойын түрінде сатушымен және сатып алушымен көріністер ойналды, мұндай көріністерге клиенттеріміз өзінің жұмыс орнында - дүкенде, дәріханада, сұлулық салонында күнделікті тап келеді.



Николай Белкин Шелекте және облыс бойынша металл бұйымдарын сатумен айналысады. Тренингке білімін жетілдіру мақсатында келді. «Оқыған ешқашан кеш болмайды, - дейді Николай. – Бұл тренинг жазып отыратын әдеттегі лекциялар секілді емес. Мұнда көптеген психологиялық жағдайлар талқыланады, бұл жұмыста өте пайдалы».

Николай осымен екінші рет KMF-тегі тренингтерге қатысып отыр. Бұған дейін ол бухесеп бойынша тренингке қатысқан болатын.

Раногүл Тұрғанова - «Марафет» сұлулық студиясының иесі. Ол Алматыда оқып, жұмыс істеген соң Шелекке оралып, онда міне, төрт жылдан бері тұрады. Оның айтуынша, мұндай тренингтер кәсіпкерлер үшін өте пайдалы,  өйткені ауылда осындай шараларды ешкім мүлдем ұйымдастырмайды. «Баратын уақытымыз да жоқ, баратын жеріміз де жоқ, - дейді Рано. Күнде қайталанатын жұмыс, кейде ең негізгілерін: сәлемдесуді, наразылықпен жұмыс істеуді, сатуды аяқтауды ұмытып кетеміз, ал бұлар деген ең маңызды нәрселер ғой!
- Мені осындай тренингтер жігерлендіреді, мүмкіндікті дамытады. Кредит алғаннан бөлек, мен KMF-те білім де аламын. Бизнес-тренерден ақыл-кеңесті тегін алуға мүмкіндігім бар. Бұл ауылдық жер үшін күніне 2-3 сағат бөліп, пайдалану қажет тамаша мүмкіндік деп ойлаймын. Бұл бизнесте өзінің нәтижесін береді!
Ғалия Қоянбаеваның айтуынша, оның тренингтерінің форматы таныстырулармен және нақты регламентпен әдеттегі тренингтерден ерекшеленеді. «Менде слайдтар жоқ, өйткені әрбір аудитория бірегей. Алматыдағы аудиторияға қызық нәрсе Шелектегі клиенттерге қызықты болмауы мүмкін. Сондықтан мен аудиторияның сұранысына қарай бейімделіп отырамын, бұл нақ осы аудиторияның сұраныстарына сәйкес келуге рұқсат береді».

Бұрын осындай тренинг Алматыдағы «Барыс» бөлімшесінің клиенттері үшін өткізілген болатын.  
«KMF – Демеу» Қоры Қызметкерлерді дамыту орталығымен бірлесіп филиалдар мен бөлімшелердің тілектерін ескере отырып, бөлімшелерде біздің қарыз алушыларымызға арнап бизнес білім бойынша тренинг жоспар әзірлеуді және оларды 2019 жылы сұрау бойынша өткізуді жоспарлап отыр. Біздің клиенттеріміздің арасында осындай тренингтерді танымал ету үшін сонымен қатар оқу туралы роликтер сериясын түсіретін болады, әрбір кредиттік сарапшы оны анонс ретінде өзінің клиенттеріне жібере алатын болады!

Оқу тренингтер – біздің компаниямыз қарыз алушыларға тегін ұсынатын қаржылық емес тиімді құралдардың тірі. Барлық кредиттік сарапшылардың міндеті өз клиенттерін осындай тренингтерге қатысуға тарту, өйткені олар білімді жоғарылатып, бизнес жүргізуге машықтандырады, айналымды ұлғайтады! Ал бұл олардың кредиттеу көлемдеріне де тікелей әсер етеді және портфельдің тәуекелін азайтады!
Біздің мекен-жайымыз:
Бізбен байланысыңыз

KMF-DEMEU 2024